«Тәуелсіздік-ел тұғыры» шығармашылық сырттай байқауы болып өтті.
Сайрам ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдістемелік кабинетінің 2021 жылдық жоспарына сәйкес «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Түркістан облысы ұйымына мүше «Шапағат-педагог» білім қызметкерлерінің кәсіподақ қоғамдық бірлестігімен бірлесіп ауданда орналасқан мектепке дейінгі ұйым педагогтері арасында Қазақстан Республикасының 30 жылдығына арналған аудандық «Тәуелсіздік-ел тұғыры» шығармашылық сырттай байқауы болып өтті.
Мақсаты: Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің қалыптасу кезеңіндегі ел жетістіктеріне мақтанышты көрсету және жаңашыл педагогтердің мазмұндық- құрылымдық үлгісін әзірлеу, педагогтерді психологиялық- педагогикалық қолдау көрсету және ынталандыру. Байқау 2 кезеңнен тұрады.
1. Қолөнер- табиғи материалдардан өзінің жасаған жұмыстары.
2. Шығармашылық өнері- тақырыпқа сай өнері, өзін-өзі таныстыру.
Байқауға «Шапағат-педагог» кәсіподақ ұйымының құрамындағы балабақша педагогтері қатысып бақ сынады. Нәтижесінде, «Ақ қайың» бөбекжайының тәрбиешісі Муталиева Динара І орынды иеленді.
Марапатыңыз құтты болсын!
Жұмысыңызға сәттілік тілеймін.

