Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Құтарыс ауылы, Әубәкіров көшесі №32
+7(72531)3-53-10
akkaiun12@mail.ru

Мониторинг

Баланың даму мониторингін қамтамасыз ететін және оның жеке дамуын жоспарлаудың негізі болып табылатын оқыту нәтижелерінің қорытынды талдауы

Үлгілік оқу бағдарламасының игерілуі бойынша 2020-2021 оқу жылында бастапқы мониторинг – 60,66 пайыз, аралық мониторинг – 47,77 пайыз, ал, қорытынды 73,83 пайызды құраса, 2021-2022 оқу жылында бастапқы мониторинг -61,94 пайыз, аралық мониторинг – 47,54, ал, қорытынды мониторинг – 79,54 пайызды құраған. Динамикалық өсім екі оқу жылдарының қорытындысы бойынша 5,71 пайызға өскендігін көрсетеді. Ал, ағымдағы оқу жылының бастапқы мониторинг көрсеткіші -69,94 пайыз, аралық мониторинг көрсеткіші – 50,06 пайызды құраған. Алдыңғы оқу жылдарымен салықтырғанда балалардың дағдысын қалыптастыру, үлгілік оқу бағдарламасын игерту бойынша өсім байқалады. Өткен оқу жылымен салыстырғанда бастапқы мониторинг көрсеткіші – 8 пайызға, аралық мониторинг көрсеткіші – 2,52 пайызға артқан. Яғни, оқу мен тәрбие саласын балалардың бойына сіңірту жұмыстары қарқынды дамып келеді. Балабақша тәрбиеленушілерінің ата-аналарына МЖМБС-да және үлгілік оқу бағдарламасында айқындалған әрбір ұйымдастырылған оқу қызметі мен білім беру саласы бойынша жас ерекшеліктеріне  игерілуге жататын білім, білік, дағды және құзырет көлемін игеру көрсеткіші мониторинг қорытындысы бойынша көрсетіліп отырады.

 «Ақ қайың» бөбекжайы тәрбиеленушілерінің 2020-2023 жылдар аралығындағы Үлгілік оқу бағдарламасы мазмұнын игеру бойынша даму мониторингінің көрсеткіш динамикасы.