Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Құтарыс ауылы, Әубәкіров көшесі №32
+7(72531)3-53-10
akkaiun12@mail.ru

Ата–аналарға ескертпе

Бөбекжайға тәрбиеленушілерді қабылдау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 19 маусымдағы № 254 бекітілген Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік бұйрығымен қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидалары) жүзеге асырылады.
Мектепалды даярлық тобының тәрбиеленушілерін бөбекжайдан шығару жыл сайын 1 тамызға дейін жүргізіледі.
Тәрбиеленушілерді бір жас тобынан басқасына ауыстыру тәрбиеленушінің ағымдағы күнтізбелік жылдағы толық жасын ескере отырып, ағымдағы жылғы 1-31 тамыз аралығында жүзеге асырылады.
Бөбекжайда тәрбиеленушінің орны:
1) тәрбиеленуші ауырған, денсаулық сақтау және басқа ұйымдарда емделген, сауықтырылған, денсаулығын түзеткен және оңалтылған (көрсетілімі бойынша анықтама және қорытынды ұсынған жағдайда) кезде;
2) тәрбиеленушінің ата-анасының бірі немесе заңды өкілі тәрбиеленушінің жылына екі айдан артық емес мерзімде демалысқа немесе емделуге жазбаша өтініш ұсынған жағдайда;
3) елді мекенде төтенше жағдай (әлеуметтік, табиғи, техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар), карантин енгізілген кезеңде сақталады.
Тәрбиеленушілер бөбекжайдан:
1) Бөбекжай мен тәрбиеленушінің ата-анасының немесе өзге де заңды өкілінің арасындағы шарттың талаптары бұзылған;
2) тәрбиеленуші бір айдан астам дәлелсіз себеппен және әкімшілікке ескертпей, бөбекжайға келмеген;
3) дәрігерлік консультациялық комиссия анықтамасының негізінде тәрбиеленушінің келуiне кедергi болатын медициналық қарсы көрсетілімдер болған жағдайларда шығарылады.
Бөбекжайға баланы алып келу үшін ата аналар алдымен «Smartnation» порталына тіркеліп кезекке тұрады және орын босағанда жолдама алады .Жолдама алған соң баланың медициналық «Денсаулық паспортын» басқа негізгі құжаттармен бөбекжайға алып келеді.Құжаттары дұрыс болса бала бөбекжайға қабылданады.
Баланы бөбекжайға алып келген кезде ауыстыратын киім, аяқ киім,ұйықтарда киетін киімдерін қоса алып келеді . Бала бөбекжайға үйрену үшін, баланы алғашқы үш күн түсте алып кетеді ,одан кейін бала толық күнге қалады.

Құрметті ата аналар!

Сіздер балаларыңыздың заңды өкілі болып табыласыздар! Баланы бөбекжайға алып келгенде баламен артық заттар әкелмеңіздер. Мысалы : Ойыншықтар, түрлі зиянды тамақтар, майда моншақ сияқты заттар,т.б

Балаңыз ауырып қалса міндетті түрде бөбекжайға хабар беріңіздер!

Бөбекжайдан тәрбиеші хабарласқан кезде жауап берулеріңізді сұранамыз!