
Менің алға қойған мақсатым:
Мектеп жасына дейінгі баланың жеке тұлғасын, ішкі жан дүниесін қалыптастырып, қоршаған ортаға деген көзқарасын өзгерту.
Сапалы тәрбие беру үшін әлеуметтік-психологиялық жағдай қалыптастыру. Білім беру саласында балалардың психологиялық дамуына көмектесу. Педагогтар мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынасты қалыптастыру. Салауатты өмір салты туралы педагогикалық ұжымның және ата-аналардың психологиялық білімін жетілдіру.
Менің міндеттерім:
- Психологиялық саулықтарын нығайту, жас ерекшелігі мен жеке дамуын ескере отыра, балабақшада әр балаға ыңғайлы жағдай жасау, жақсы тәрбиеленуіне ықпал ету.
- Баланың танымдық дамуында, әр балаға дер кезінде психологиялық көмек пен алдын-алу жұмыстарын жүргізу, интелектуалдық іс-әрекеті тәсілдерін қалыптастыру.
- Педагог кадрлар мен ата-аналар қауымының педагогикалық – психологиялық білімін көтеру тереңдету, басты байлығы – баласы екеніне кеңес беру.
Менің жұмыс жоспарымның бағыттары:
- Ақпаратты – аналитикалық бағыт;
- Психодиагностика;
- Түзету-дамытушылық;
- Кеңес беру;
- Психопрофилактика, психоағарту.
Педагог-психолог: Ж. Умирова
















