Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Құтарыс ауылы, Әубәкіров көшесі №32
+7(72531)3-53-10
akkaiun12@mail.ru

Бөбекжай туралы

МКҚК «Ақ қайын» бөбекжайы туралы мағлұмат

Мектепке дейінгі балалар мекемесі типтік жобада салынған, жас ерекшеліктері әртүрлі 7 топ бар, бөбекжайдың жұмыс мезгілі 10жарым сағат, Құтарыс ауылы, Әубәкіров көшесі №32 үйде орналасқан. Бөбекжай 2012 жылдың желтоқсан айынан бастап жұмыс істейді, жобалық қуаты 175 орын, тізім бойынша бала саны 175. Оқу- тәрбие жұмысы барлық топта қазақ тілінде жүргізіледі.

Бөбекжайда жабдықталған жеті топ,саз залы, меңгеруші, шараушылық меңгерушісі, әдіскер кабинеті, асхана, кір жуу бөлмесі, оқшаулау бөлмесі, қойма және ас сақтау бөлмелері жұмыс істеуге қолайланып жабдықталған. Бөбекжай аумағында көк жасыл саяжайлар, гүл бақтары, ойын алаңдары бар.

Бөбекжай мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру жұмысын 1- 6 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында іске асырады және олардың денсаулығын қорғауды қамтамасыз ете отырып, жеке ерекшеліктерін дамытады. 6 жасқа дейінгі балалардың мектеп алды дайындығын жалпы білім беру бағдарламасына сай жүргізіледі. Оқу-тәрбие үрдісін жетілдіру мақсатында педагогикалық ұжымның теориялық және практикалық деңгейін көтеру мақсатында бір жылға іс-шара кестесі құрылған. Барлық топтар жиһаздармен, балалардың жас ерекшеліктеріне қарай көрнекі құралдармен жабдықталған. Балабақша ауласы көгалдандырылған, серуенге арналған алаңдар мен ойын алаңдары жасалынған. Барлық топтарды баланың жас ерекшелігіне қарай топтастырып бөлінген. Топтарда тәрбиешілердің өздері жасаған түрлі материалдары мен көрнекі құралдары баланың жасына сай толтырылаған. Топтарда қазіргі білім беру стандартына сай бес білім саласымен оқыту жүйелері қарастырылған. Балабақша 5 күн бойы жұмыс істейді,сенбі, жексенбі күндері демалыс. Оқыту мен тәрбиелеу үрдісі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың» негізгі ережелеріне сүйеніп жүргізіледі. Күнделікті ас мәзірі санитарлық нормаға сәйкес жасалып, оның дәлдігі тексеріліп, медбике қадағалап отырады. Әр айда күн тәртібіндегі бала өмірін ұйымдастырылуын қадағалап, бақылау жүргізіліп отырып және оған талдау жасалады. Балабақшада балалармен жүргізілетін оқу қазақ тілде жүргізіледі. Балабақшада жұмыс барысын реттейтін келісім шарт түзілген:

  • Ұжымдық шарт
  • Басшы мен келісім шарт
  • Ата-аналармен келісім шарт

Балабақшамыздың педагогтары жоғары білімді,мамандықтары балабақшаға сай келгендіктен жұмысқа қабылданады.

Бөбекжайда тәрбиешілер балаларға білім беруде аянбай еңбек етуде. Ұйымдастырылған оқу қызметтерінде түрлі технологияларды қолданады, мысалы: Монтессори технологиясы, триз әдісі, құм терапиясы, батик технологиясы сияқты әдістерді қолданады. Бес топта шығармашылық тақырыптармен жұмыс жасайды.