МКҚК «Ақ қайын» бөбекжайында балалардың қауіпсіздігі басты назарда!
Балаңыз біздің бөбекжайда болған кезде сіз балаңыз үшін алаңдамауыңызға болады , себебі сіздің балаңыз сенімді ортада .
Бөбекжайда 32 бейне бақылау орналасқан , оның 24-і ғимараттың ішінде , ал 8-і бөбекжай ауласында орналасқан.
Балалар аулада жабық қауіпсіз қоршалған ойын алаңдарында ойнайды.
Бөбекжайға бөтен адамдар кіреалмайды.
«Ақ қайын» бөбекжайы қызметкерлері балалардың бақытты балалық шақ мекенінде болуына бар жағдайды қарастырған!