Бөбекжайда балалардың сөйлеуін тек ұйымдастырылған іс-әрекеттерде ғана емес, күні бойы режимдік сәттерде, еркін ойын кезінде оларға түрлі сұрақтар қою (сұрақтарды қойғанда «иә» немесе «жоқ» деп жауап беретін жалпы сұрақтар немесе барлығы қосылып жауабын бірге айтуға арналған сұрақтар емес, әрбір бала жеке жауап бере алатындай сұрақтар) арқылы, балаларды көбірек сөйлесуге, бір-бірімен қарым-қатынас жасауға, олармен кез-келген мәселе бойынша әңгімелесіп, олардың пікірін тыңдау және т.б.
арқылы дамыту ұсынылады.
Күн сайын балаларға кітаптарды оқып беру, балалардың оқылған, тыңдалған шығармалардан әсер алуына ықпал ету, балалардың жасына сәйкес тақпақтарды, өлеңдерді жаттату, кітаптардағы иллюстрацияларды
көрсету және оларға түсініктеме беру, балалардың ойларын тыңдау, балаларға қызықты кітаптарды таңдау, ол үшін топта немесе мектепке дейінгі ұйымда балаларға арналған кітаптардан, сондай-ақ балаларға
арналған аудио шығармалардан кітап бұрышын ұйымдастыруға болады.
Балалардың өз бетінше, балалармен бірлесіп кітаптарды қарауына, тыңдалған шығармалардағы кейіпкерлердің әрекетін ойында қайталауға немесе ойдан кейіпкердің рөлін өзінше сомдауға және т.б. мүмкіндік беріледі.
Осы орайда, бөбекжайда кітап бұрышы әр топта ұйымдастырылған және ата-аналармен бірлесе отырып кітап оқуға қызықтыру үшін «Кітап бұрышы» ұйымдастырылған. Кітапты үйге алып, уақытша пайдалану, ата-аналарімен бірлесе отырып пайдалануға жағдай жасалған.




